Алматыда өңірдегі ең ірі робототехника және дрондар чемпионаты – Almaty Tech Cup 2025 өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оған алты елден 3000-нан астам адам қатысты. Биылғы жарыстың тақырыбы DIVE болды, ол су астын зерттеу мен экологиялық шешімдерге арналды.Үздік командалар Қазақстан атынан 2025 жылдың 16-19 сәуірінде Хьюстонда (АҚШ) өтетін әлем чемпионатына жолдама алды: • FIRST Tech Challenge: PID, JelToqSun, SANA, Cristabol командалары. • FIRST LEGO League Challenge: RassLexx және SKILLSET командалары. • FIRST LEGO League Explore: Atlantis командасы.Олар сондай-ақ жетекші әлемдік турнирлерге шақырту алды: • Mexico Premier Event (Мексика) – SEN командасы. • Zhylandy International Championship (Қазақстан) – xCellence командасы. • New England Premier Event (АҚШ) – Bolt.m3 командасы. • European Premier Event (Нидерланды) – MLP Prometheus командасы. • Лондон (Ұлыбритания) – KIROSHI командасы.Бұған қоса, қатысушылар ақшалай сыйлықтар мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының гранттарын иеленді.Қызықты факт: Қазақстандық оқушылар робототехника бойынша 190 елдің арасында үш дүркін әлем чемпионы атанған. 2024 жылы олар Афинада рекорд орнатты.