Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Астана қаласындағы Халықаралық EXPO көрме орталығы базасында өткен Central Asia FIRST Championship & Drone Racing 2026 халықаралық фестивалі өз мәресіне жетті. Ауқымды турнирге 7 елден 3000-нан астам оқушы қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының командалары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бірнеше санат бойынша жүлделі орындарды иеленді.

FIRST LEGO League Explore санатында Alem Innovators командасы басты марапат — Champions Award Winner атағын жеңіп алды. Команда құрамында: Айша Кенжебай, Нұрберген Жәнібек, Досан Дәулет және Омар Ерланұлы. Жетекшісі — Айдана Ермек.
Бұл жеңіс командаға Қазақстан атынан АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST әлемдік финалында ел намысын қорғау құқығын берді.

FIRST LEGO League Challenge санатында ALASH командасы Champions Award Finalists атағын (II орын) иеленіп, Грекияның Софико қаласында өтетін Халықаралық ашық чемпионатқа жолдама алды. Команда құрамында: Айдана Талғатқызы, Айсұлтан Баянжан, Қарақат Кенжәлі, Сералы Шектібаев, Әдия Медеу, Мадина Арзымбетова, Әділет Әмет, Әлихан Сәлім.

Осы санатта KAZBOTS командасы Core Value Award Winner номинациясы бойынша жеңімпаз атанып (III орын), Қытайдың Бейжің қаласында өтетін Халықаралық ашық чемпионатта Қазақстан атынан қатысу мүмкіндігіне ие болды. Команда құрамында: Дінмұхаммед Айтмырза, Қасым Әлжан, Ералы Балтабеков, Қайсар Шалқарұлы, Санжар Ғалым, Исмаил Нұрланов, Бектұрған Жолдасов, Нурила Дәулет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті