Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда қала күні мерекесіне орай “Туған қалам Орал” атты мерекелік гала-концерт көрермен назарына ұсынылды

Орал қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдығы және “Қала күні -2021” мерекесі аясында “Туған қалам Орал” атты мерекелік гала концерт өткізілді. Аталмыш шара пандемиялық шектеулерге байланысты бас  санитар дәрігердің қаулысына сәйкес “Ashyq” жүйесі арқылы 30% сыйымдылықты сақтай отыра, Жастар мәдениет үйінде өткізілді. Сонымен қатар қала тұрғындарының назарына концертті “Aqjaiyq” арнасынан тікелей эфирден көру мүмкіндігі ұсынылды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Гала концертке қала әкімі Абат Шыныбеков қатысып, тұрғындарды аталмыш айтулы күнмен құттықтап өтті.

-Құрметті жерлестер, қала қонақтары сіздерді қаламыздың ең сүйікті мерекесі “Қала күні” мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Орал - қарапайым тұрғындарымыздың қажырлы еңбектерінің алаңы болған әсем қала. Біз жылма-жыл қаламыздың туған күнін ерекше ілтипатпен, асыға күтеміз, оған жақсы жетістіктермен келеміз. 10 күн бойы қаламызда тұрғындарға ерекше қуаныш пен көңіл-күй сылау мақсатында түрлі мәдени-спорттық шаралар өткізілді. Біз өз қаламызды жақсы көріп, мақтан етуіміз қажет. Осы қаламыздың одан әрі дамып, көркейе бергенін қалаймыз. Ендеше, қаламыздың туған күніндегі жетістіктеріміз еселе берсін, - деді шаһар басшысы.

Осы орайда дәстүрге сай биыл да қала күні мерекесінде үздік мамандар марапатталды. Атап өтсек, «Үздік дәнекерлеуші маман», «Үздік электрик маман», «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық маман», «Үздік қоғамдық көлік жүргізушісі», «Үздік төтенше жағдай маманы», «Үздік медициналық қызметкер», «Үздік жас ұстаз», «Үздік жол-көпір шаруашылығының қолмен жинау бойынша жұмысшы маманы», «Үздік видео» сынды номинациялар өз сала үздіктеріне табысталды.


Мерекелік кеште Орал қаласына арналған әндер шырқалып, шаһар тарихынан сыр шертер композициялар көрермен назарына ұсынылды. Құлақтан кіріп бойды алар әсем әндер шырқалып, күймен көркемделген, мың бұралған бишілердің билері көз қуантқан шара жылы атмосфераға, көтеріңкі көңіл-күйге толы болды. Концерт барысында түрлі жанрдағы әндер шырқалып, ұлттық және замануи билермен көркемделді. Сахнада өнер көрсеткендер арасында кішкентай бөбектер де болды. Кеш қала өнерпаздарының орындауындағы  «Туған қалам -  Орал» әнімен аяқталды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді