Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Орал қаласында қала күні мерекесі аясында ән кештері өткізілуде

«Орал қаласының Деркөл кенті әкімінің аппараты» қолдауымен «Деркөл» мәдени-демалыс орталығының ұйымдастырумен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және дәстүрлі «Қала күні – 2021» мерекесі  аясында композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың «Әнім сен едің» атты ән байқауы оздырылды. Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен өткізілген шара мақсаты сазгердің әндерін болашақ ұрпақтың жүрегіне жеткізе орындау, кент тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізу, белсенділігін арттыру болып табылады, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Аталмыш байқау ережесі бойынша әрбір қатысушы жеке орындауда сазгердің екі әнін жанды дауыста орындады. Өнер көрсету барысында үміткерлердің киім үлгісі, өзін-өзі ұстауы бағаланды. Байқау қатысушыларының өнерін “Ерен еңбегі үшін” медальінің иегері Айбар Хайырханов, Халықаралық байқаулардың лауреаты Омар Хибашев, Халықаралық "Ғұмыр дария" байқауының лауреаты Аман  Мырзағалиев, Жастар мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Бұлбұл Сапарғалиева, Облыстық «Жайық жұлдызы» байқауының лауреаты Әсел Кажимова бағалады.


Аталмыш байқауға кент тұрғындары арасынан 18-70 жас аралығында 15 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Байқау нәтижесі бойынша Ермек Мұхамбетқалиев 1 орынға, Дина Қыдырғалиқызы 2 орынға, Айнұр Қонысбайқызы 3 орынға ие болды. Айбол Ерсайынұлы "Талантты әнші" номинациясына ие болса, Гульнара  Грунская "Жезтаңдай әнші" номинациясын қанжығалады. Ал Данагүл Нұрлыбекқызы, Бижамал Тұрсынбекқызы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаздар  алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Осы орайда Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Қала күні – 2021» мерекесі аясында Жайық өзенінің жағалауында тағы бір «Әсем өлкем – Ақжайық» атты жергілікті ақын – композиторлардың ән кеші өткізілді. Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ақжайық» телеарнасының қолдауымен өткізілген шараның басты мақсаты - өлкемізде туған ақын – композиторлардың шығармаларын көрерменге паш етіп, кейінгі ұрпаққа таныстыру, ән өнері арқылы өңіріміздің тарихын жаңғырту.

Кеш барысында жергілікті ақын – композиторлардың шығармаларын «Қарақат» мектеп – студиясының оқушылары, Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншілері нақышына келтіре орындады. Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының «Назерке» халықтық би ансамблі, «Step up» би ансамблі, «Ақжайық» би ансамблі, Жастар мәдениет үйінің «Салтанат» би ансамблі, «Шұғыла» би ансамблі , «Гүлдер» би ансамблі, «Әдемі» би ансамбльдері мың бұралған билерімен кештің сәнін келтіріп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді