2021 жылдың 11 қыркүйек күні Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлiмiнiң қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және дәстүрлі «Қала күні – 2021» мерекесіне орай «URALSK FASHION WEEK» сән көрсетілімі өткізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Аталмыш сән қойылымына елімізде белгілі дизайнерлер ғана емес, шет елдерде де сән үлгісін ұсынып жүрген атақты дизанерлер қатысты. Атап айтсақ, өңірімізде өткізілген сән көрсетіліміне Өзбекстан республикасынан, Алматы қаласынан, Ақтау қаласынан, Ақтөбе қаласынан, Орал қалаларынан қонақтар келіп қатысты.
Сұлулық пен үйлесімділік орнаған шараға Орал қаласынан Бренд бай Жамиля және Рахима Қайырғалиқызы, Жамила Утепкалиева, Алматы қаласынан Чинара Эльмуратовна, Ақтау қаласынан Әсел Саги, Орал қаласынан жас дизайнер Самира Амангелді, Ақтөбе қаласынан Сабина Күнкей, Орал қаласынан «Гули бренд», Орал қаласынан «Бота Collection», Орал қаласынан Азиза Биссан , Өзбекстан Республикасынан «Art by Sofia» сынды дизайнерлер қатысып, өз сән үлгілерін қаламыздың мерекесіне тарту етті.
Сән көрсетілімінде ұлттық нақыштағы киімдерден бастап, арнайы костюмдер, балалар формасы, іскер әйелдер киімдерінің топтамасы және қыз-келіншектердің қиялындағы кешкі көйлектер топтамалары көрсетіліп, көрерменнің ерекше ыстық ықыласына бөленді. Көздің жауын алатын түрлі образдар дизанерлердің еңбегі мен махаббатының нәтижесінде туғандықтан шараға жиналған қауымға ерекше әсер сыйлады.
Шара барысында Орал қаласы әкімінің орынбасары Галиев Ерлан Ерсайынұлы құттықтау сөз сөйлеп, дизайнерлерді және шараның өтуіне қолдау білдірушілерді Орал қаласы әкімі А.Шыныбековтың атынан алғыс хаттармен марапаттады.
Наурызалина Сабина, дизайнер және Ақтөбе қаласындағы Ұлттық киім тігу бойынша «Күнкей» Сән үйінің негізін қалаушы:
Біздің сән үйіміз 6 жыл көлемінде қызмет атқаруда. Мен ұлттық стильде бейнелер жасағанды ұнатамын және мәдениетіміз бен ұлттық киімдерімізді жандандыруды мақсат қылып қойдым. Ұлттық нақыштағы киімдеріміз бен әшекей-бұйымдарымызды заманауи әлемде жаңарта отыра, қолданысқа енгізу керемет деп есептеймін.Аталмыш сән көрсетіліміне келер болсақ, бұл шара өз басыма қатты ұнады, өйткені бұл тәжірибе алмасуға арналған платформа деп білемін.
Гульназ Смаилова, шара ұйымдастырушысы, «GSProduction» сән мектебінің негізін қалаушы:
Барлығы өте жоғарғы деңгейде өтті. Негізі мұндай шара өткізу алғашқы тәжірибем емес. Аталмыш көрсетілімді 3 жыл қатарынан өткізудемін. Бұған дейін жекелей өткізсем, биыл Орал қаласының әкімдігімен бірігіп, қала күніне орай сый ретінде өткізіп отырмыз.
Орал қаласы