Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

JOLTAP жобасы елордалық көпбалалы анаға өз кәсібін дамытуға көмектесті

JOLTAP жобасы елордалық көпбалалы анаға өз кәсібін дамытуға көмектесті

Астанада қала тұрғындарына жаңа мамандықтарды меңгеруге және өз ісін дамыту үшін практикалық дағдылар алуға мүмкіндік беретін JOLTAP жобасы табысты түрде жұмысын жалғастырып келеді. Бағдарлама түлектерінің бірі – Ұлжан Ысқақова жобаға қатысу барысы туралы ой бөлісті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлжанның айтуынша, жобаға қатысу оған жаңа кәсіби мүмкіндіктерге жол ашқан.

«JOLTAP жобасына қатысқым келді, өйткені бұл – жаңа мамандықты меңгеріп, пайдалы практикалық дағдылар алуға жақсы мүмкіндік. Қазіргі уақытта үнемі дамып, жаңа нәрселерді үйреніп отыру өте маңызды», – деді ол.

Астана тұрғыны оқуға нақты тәжірибе мен шынайы жұмыс барысында қолдануға болатын білім алу мақсатымен келгенін жеткізді. Оның сөзінше, жоба дәл сондай нәтиже берген.

Ұлжан Wildberries маркетплейсінде сатылым жүргізу бойынша курстан өтті, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен салық салу негіздерін оқыды. Қазір білімін жетілдіруді жалғастырып, таргеттелген жарнама бойынша курсқа қатысып жатыр. Оның айтуынша, оқу процесі түсінікті әрі қызықты ұйымдастырылған. Практикаға ерекше көңіл бөлінгендіктен, қатысушылар алған білімдерін бірден қолдана алған. Оқытушылар материалды жан-жақты түсіндіріп, сұрақтар туындаған жағдайда тыңдаушыларға көмектесіп отырған.

«Жалпы оқу маған қатты ұнады, себебі көп жаңа нәрсе үйреніп, пайдалы дағдыларға ие болдым», – деді жоба қатысушысы.

Ұлжанның айтуынша, оқу барысында айтарлықтай қиындықтар болмаған. Тек қатаң тәртіпке үйренуге тура келген – сабаққа кешігуге немесе қатыспай қалуға болмайды.

Алайда ол мұны бағдарламаның артықшылығы деп санайды. Оның пікірінше, мұндай жүйе жауапкершілік пен ұйымшылдыққа үйретіп, оқу процесіне байыппен қарауға көмектеседі. Соның нәтижесінде қатысушылар оқу үдерісіне белсенді қатысқан.

Бүгінде Ұлжан алған білімін жұмысында қолданып жүр. Ол дәл өзі оқыған салада еңбек етіп жатқанын айтты. Ол көпбалалы ана болғандықтан, оған ыңғайлы жұмыс кестесінің болуы өте маңызды. Сондықтан ол өз бетінше жұмыс істеп, кәсібін дербес дамытып келеді.

«Оқу барысында алған білімім мен дағдыларым маған үлкен көмегін тигізді. Мен оларды жұмыс барысында үнемі қолданамын», – дейді ол.

Ұлжанның айтуынша, оқу оған клиенттер табуға және жұмысының сапасын арттыруға көмектескен. Соның арқасында кәсіби қызметті отбасына қамқорлық жасаумен қатар алып жүруге мүмкіндік туған. Оқуымды аяқтағаннан кейін қатысушы өз өмірінде елеулі өзгерістер болғанын айтады.

«Алған білімім өз кәсібімді жүргізуде әлдеқайда дербес болуға көмектесті», – деді Ұлжан.

Ұлжан JOLTAP жобасы көптеген адамдар үшін үлкен мүмкіндік бола алады деп есептейді.

«Мен JOLTAP жобасын өз ісін іздеп жүрген немесе жаңа мамандық меңгергісі келетін барлық адамға ұсынар едім. Жоба мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіп, түрлі бағытта білім алуға мүмкіндік береді», – деді ол.

Оның айтуынша, қатысушылар тек теориялық білім алып қана қоймай, жұмыс бастап, таңдаған саласында сенімді дамуға көмектесетін практикалық дағдыларды да меңгереді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті