Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана тұрғыны JOLTAP жобасы арқылы кәсібін қалай кеңейтті

Астана тұрғыны JOLTAP жобасы арқылы кәсібін қалай кеңейтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

JOLTAP жобасы елорда тұрғындарына табысын арттыруға, жаңа кәсіп ашуына және ең сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқудан өтуге көмектесуді жалғастыруда. Бағдарлама түлегі Алтынай Мұқанова жобаға қатысу арқылы бизнесте жаңа деңгейге шығу өзіне қалай көмектескенін айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алтынай 20 жылдан астам тігін саласында еңбек етіп келеді. Оның жеке шағын шеберханасы бар, онда өз командасымен бірге үйге арналған тоқыма бұйымдарын тігеді – көрпе, дастархан, перде, майлық т.б. Жылдар бойы ол бизнесін офлайн режимде дамытып келді, ендігі арманы Kaspi арқылы онлайн сату болды.

«Мен JOLTAP жобасы туралы тренингтен өткен досымнан білдім. Мен де бағымды сынап көрейін деп шештім және бұл ойыма ешқашан өкінген емеспін. Бұл – дамығысы келетінде үшін шынында керемет қолдау», - дейді Алтынай.

Ол жоба аясында Kaspi дүкені арқылы онлайн сату саласын таңдады. Тренингке маркетинг, сатуға арналған фотосуреттер жасау, өнім карталарын жобалау, өнім бағасын орнату және платформамен жұмыс істеу мәселесі кірді.Алтынай сол сияқты сән дизайны бойынша да курстан өтті. Бұған дейін ол тек бұйым тігумен айналысса, оқудың арқасында кәсіби түрде қиюды, өрнек, дизайн салуды үйренді. Бұл оған жаңа дағдылар мен өнім ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік берді.

«Мен үшін ең қиыны – өзім туралы айту және әлеуметтік желідегі парақшамды жүргізу. Өзім қарапайым адаммын, көпшіліктің назарында болуды ұнатпаймын. Бірақ тәлімгерлер мен өзге қатысушылардың қолдауының арқасында бұл қиындықты жеңдім», - деп мойындайды ол.

Қазір Алтынай Kaspi желісінде өз дүкенін ашып, алғашқы өнімдерін сатып та үлгерді.«

JOLTAP жобасы мен үшін нағыз серпіліс болды. Ол тек білім ғана емес, өзіне деген сенімділік, шабыт, қолдау және жаңа мақсаттар берді. Осындай қажетті және маңызды бастама үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтамын», - деп қосты астаналық.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді