Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

JOLTAP: елордалық бойжеткен курстан кейінгі жетістіктері туралы айтты

JOLTAP: елордалық бойжеткен курстан кейінгі жетістіктері туралы айтты
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада жүзеге асырылып жатқан JOLTAP жобасы қала тұрғындарына жұмыс тауып беріп қана қоймай, біліктілігін және кәсіби мүмкіндіктерін арттыруға көмектесіп жатыр. Жоба түлегі Айсұлу Саметова оқу барысы туралы ой бөлісті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Айсұлу жиһаз дизайны саласында жұмыс істейді. Декреттік демалыста бос уақыты болғандықтан өзіне таңсық мамандықты меңгермек болады. Осылайша ол JOLTAP жобасы туралы әлеуметтік желіден білген.

«Instagram желісіндегі хабарламаға көзім түсіп кетті. Мұны өзімді дамытуға, көзқарасымды кеңейтуге және жаңа мамандықтарды игеруге қажет мүмкіндік деп көрдім. Жоба маған қажет нәрсенің бәрін береді деген үміт болды. Осыған дейін жиһаз жасау саласында жұмыс істегенмін, бірақ жүйелі білім жетіспейтін. JOLTAP курстары маған барлық білгенімді жүйелеуге және жаңа дағдыларды меңгеруге көмектесті», - дейді Астана тұрғыны.

Алдымен ол жиһаз құрастырушы мамандығы бойынша оқуды таңдаған. Курстар тәжірибелі мұғалімнің жетекшілігімен өтті. Айсұлудың айтуынша, тәжірибеге ерекше көңіл бөлді.

«Біз өлшемдерді есептеуді, материалдарды таңдауды және жиһаз құрастыруды үйрендік. Курстың соңында жиһазды өз бетімше құрастыра алатын болдым. Бұл білім мамандығыма деген сенімділікті арттыруға және біліктілігімді кеңейтуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті дизайнер.

Курс барысында Айсұлу жиһаз дизайнері ретінде өзіне қажет білімді толықтай меңгергенін айтты.Алайда ол мұнымен тоқтап қалған жоқ. Курсты оқып жүріп, мобилографияға да қызығушылық танытты. Сол себепті осы мамандықты қосымша меңгеріп алмақ болды.

«Қысқа мерзімде қарқынды оқыту курсынан өттік. Негізгі назар тәжірибеге берілді. Көп ұзамай кәсіби мобилографияны үйрендім. Бұл білім маған карьералық мүмкіндіктерімді кеңейтуге көмектесті, енді оны жұмысыма да қолдана аламын. Тиісінше жалақым да артты», - деп атап өтті жоба түлегі.

Айсұлудың пікірінше, бұл жоба өзін жаңа салада байқап көруге немесе мамандығы бойынша дағдыларды дамытуға ерекше мүмкіндік береді.

«Мен JOLTAP жобасына біліктілігімді арттыруға көмектескені және жаңа мақсаттарға шабыт бергені үшін өте ризамын. Соның арқасында кәсіби құзіреттілігімді арттырып қана қоймай, жаңа адамдармен таныстым», - деп бойжеткен сөзін түйіндеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі