Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада еріктілер аязды күні коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты

Астанада еріктілер аязды күні коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты

24 қаңтар күні «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері «Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясы аясында коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Біз бүгін, 24 қаңтарда аязды ауа райына қарамастан елорданың таза болуына атсалысып жүрген коммуналдық қызметкерлерге қолдау білдіруге шықтық. Осылайша таңнан кешке дейін жұмыс істейтін адамдарға жылулық пен жақсы көңіл күй сыйлағымыз келеді», - дейді елордалық ерікті Қайсар Құлқожахмет.Өз кезегінде коммуналдық қызметкерлер еріктілерге алғыс білдірді.«Аязды күні осындай акция ұйымдастырған еріктілерге алғыс айтамын. Олар бізге мүмкіндігінше көмектесіп, тіпті мереке күндері тәтті таратып, ықыластарын білдіріп жатады», - дейді коммуналдық қызметкер Айнагүл Қожина.

Қала тазалығы жұмысында 10 жылдан бері жұмыс істеп жүрген Нұрғали Өміржан мұндай игі акциялар халықты бірлікке шақыратынын айтты.

«Осындай игі акциялар қала бойынша жиі өтетінін естіп жатамыз. Бүгін ыстық шай мен бауырсақ таратып жатыр. Менің ойымша, осындай игі акциялар тұрғындарды ұйымшылдыққа шақырады. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін»,- дейді Нұрғали Өміржан.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті