Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы ірі жылу көзі экологиялық талаптарға сай жаңғыртылуда

Алматыдағы ірі жылу көзі экологиялық талаптарға сай жаңғыртылуда
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда «АлЭС» АҚ-на қарасты Алматы 2-ЖЭО-ын жаңғырту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жобаның негізгі мақсаты — қоршаған ортаға түсетін әсерді барынша азайтып, қаланың ең ірі жылу көзінің экологиялық қауіпсіздігін арттыру, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2-ЖЭО қаланың энергетикалық инфрақұрылымындағы негізгі нысандардың бірі саналады. 2012 жылы қыркүйектен бастап станция аумағы қала шегіне енгізіліп, Алматының Алатау ауданында орналасқан.

Жаңғыртудың басты мақсаты — энергиямен жабдықтаудың сенімділігі мен тиімділігін сақтай отырып, атмосфераға тарайтын зиянды заттардың көлемін азайту. Жоспарланған кешенді шараларды іске асыру шығарындыларды едәуір қысқартып, қоршаған ортаға түсетін теріс әсерді төмендетуге мүмкіндік береді.

Мамандардың есептеуінше, жоба толық аяқталғаннан кейін экологиялық жағдай айтарлықтай жақсарады. Мәселен, 2026 жылы шығарындылар көлемі 2,7 мың тоннаға дейін қысқарады. Ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 37,3 мың тонна болған.

Осылайша жаңғырту жобасы айтарлықтай экологиялық нәтиже беріп, станция жұмысының заманауи халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қаланы энергиямен тұрақты қамтамасыз ету сақталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі