Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте қатты қалдықтарды өңдеу өндірісі қарқын алып келеді

Шымкентте қатты қалдықтарды өңдеу өндірісі қарқын алып келеді
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының «Оңтүстік» индустриалды аймағында “Эко Шина” ЖШС пайдаланылған автокөлік шиналарын қайта өңдеу өндірісін дамытуда. Жобаның негізгі мақсаты - қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, ескі шиналардың рұқсатсыз төгілуі мәселесін шешу, зиянды шығарындылары жоқ, қалдықсыз технологияларды енгізу арқылы экологиялық қауіпсіздікті арттыру, шиналарды қайта өңдеу қуаттылығын жылына 6 мың тоннадан 10 мың тоннаға дейін жеткізу, деп хабарайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта жеке инвесторлар өндіріс көлемін арттырып, жаңа бағыттарды іске қосып жатыр. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу жөніндегі тапсырманы іске асыру аясында «Жасыл даму» АҚ тарапынан жаңа өндіріске қаржылай қолдау көрсетілді. Қаржыландыру қайтарымды негізде, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 3%-дан аспайтын және 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Кәсіпорынның жаңа бағытына АҚ тарапынан 500 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Жобаның жалпы құны – 629,377 млн теңге. Бүгінгі таңда кәсіпорын қажетті жабдықтарды сатып алып, оларды іске қосу жұмыстарын жүргізуде.

ЖШС құрылтайшысы Бауыржан Айкенжеев пен «Жасыл даму» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің директоры Серікбол Қалиакбаров өндірістің жаңа бағытының іске қосылуына қатысып, техникалық ашылуын өткізді.

-Берілген қаржыға сәйкес, заманауи қондырғылар алдық. Жаңа бағыттарды қосып жатырмыз. Қазіргі басты мақсат - жылдан жылға өндірісті кеңейту. Кәсіпорында 1 сағатта 4 тонна қалдық өңделуде. 50 адам жұмыспен қамтылған, - дейді ЖШС құрылтайшысы Бауыржан Айкенжеев.

Кәсіпорында құрылыс, абаттандыру және басқа салаларда қолданылатын резеңке үгіндісі өндірілуде. Осылайша, жоба экологиялық, экономикалық және әлеуметтік маңыздылықты ұштастырады — жаңа жұмыс орындарын ашып, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтады және «жасыл экономиканың» дамуына елеулі үлес қосады.
«ЭКО Шина» ЖШС жобасы — мемлекет пен бизнестің тиімді әріптестігінің сәтті үлгісі. Жобаның жүзеге асырылуы өңірдің экологиялық жағдайын едәуір жақсартуға, пайдаланылған шиналарды тиімді қайта өңдеуді қамтамасыз етуге және бүкіл ел бойынша болашақтағы «жасыл» өндірістердің негізін қалауға мүмкіндік береді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті