Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дархан Сатыбалды электр желілерін жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды

Дархан Сатыбалды электр желілерін жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды электр желілерін дамытуға арналған кеңес өткізді. 2026 жылға дейін қаланың энергетикалық жүйесін жаңғырту және дамытуға бағытталған басым жобалар айқындалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026 жылы қала бойынша 379 шақырым электр желісін жаңғырту жоспарланып отыр, оның 269 шақырымы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның желілеріне тиесілі. Аталған кезеңде 14 жаңа жоба іске асырылып, бұрын басталған 8 өтпелі жоба жалғасын табады. Басым бағыттардың қатарында Жетісу ауданында «Кирпичная» қосалқы станциясын салу, Нұр-Алатау шағынауданындағы электр желілерін дамыту, сондай-ақ Бостандық, Наурызбай, Алатау және Медеу аудандарындағы желілерді қайта жаңғырту жұмыстары бар. 

Жаңа қосалқы станциялар салынып, трансформаторлық пункттер жаңартылады, әуе желілерінің бір бөлігі кабельдік форматқа көшіріледі. Бұл электр желілеріндегі апаттық жағдай санын азайтып, қаланың энергия жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Барлық жоба бойынша мерзім мен сапаға қатаң бақылау жүргізуді тапсырдым. Алматы энергиямен қамтуда іркіліссіз дамуға тиіс, - деді қала әкімі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді