Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының марапаттарын табыстау рәсімі өтті. Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген түркі әлемі мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ТҮРКСОЙ ұйымының ең жоғары наградасы саналатын «Түркі әлемінің мәдени елшісі» атаулы орденімен марапатталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямоваға түркі және әлемдік кино өнерінің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін «Түркі әлемінің үздік әртісі» номинациясы бойынша ТҮРКСОЙ-дың арнайы жүлдесі табысталды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан өнер иелерін ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов құттықтап, олардың жетістіктері түркі әлемі елдері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға және қазақстандық өнердің халықаралық деңгейде танылуына зор үлес қосып отырғанын атап өтті.

ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев марапаттардың маңызына тоқталып, қазақстандық мәдениет қайраткерлерінің ортақ түркі мәдени кеңістігін нығайтудағы рөлі туралы айтты.

«Бүгін біз өнер арқылы түркі әлемін шынайы біріктіріп жүрген тұлғаларды құрметтеп отырмыз. Димаш Құдайберген музыка арқылы мәдени елші миссиясын атқарып келеді. Ал, Самал Еслямова қазақстандық кино өнерінің символына айналды. Бұл марапаттар – олардың еңбегіне берілген лайықты құрмет», – деді ТҮРКСОЙ Бас хатшысы.

Өз кезегінде Димаш Құдайберген марапатты қабылдай отырып, өнер адамы үшін ең үлкен марапат – халықтың қолдауы екенін атап өтті.

«Өнер адамы үшін ең жоғары марапат – халықтың мойындауы мен қолдауы. Бұл марапатты мен елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың нығаюын білдіретін маңызды белгі ретінде қабылдаймын. Бұл марапат жеке өзіме емес, бүкіл қазақ халқына көрсетілген құрмет пен ілтипат деп білемін», – деді өнер иесі.

Айта кетейік, Димаш бұл марапатқа ие болған екінші тұлға. Бұған дейін мұндай атақ Түркияның Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Азиз Санджарға берілген болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты