Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда студенттік тұрғын үй мәселесі қалай шешілуде: жатақханалардағы 46,2 мың орын және жаңа жобалық кеңсе

Алматыда студенттік тұрғын үй мәселесі қалай шешілуде: жатақханалардағы 46,2 мың орын және жаңа жобалық кеңсе
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда студенттік жатақханалар қорын ұлғайту және жаңа нысандардың құрылысын арнайы жобалық кеңсе арқылы үйлестіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма мәліметінше, мегаполисте 221 мыңнан астам жоғары оқу орнының студенті білім алуда, олардың 145,4 мыңы – өзге өңірлерден келген жастар. Қазіргі уақытта қалада 46,2 мың орынға арналған 136 жатақхана жұмыс істейді. Дегенмен шамамен 11,6 мың орын тапшылығы сақталып отыр.

Жаңа жатақханалар құрылысын үйлестіру мақсатында Алматы әкімдігі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, ел бойынша бірыңғай жобалық кеңсе құрды. 2023–2024 жылдары жобалық кеңсе аясында Алматыда 8 273 орынға арналған 30 нысан қолданысқа енгізілді. Атап айтқанда, 2023 жылы 3 969 орындық 14 жатақхана ашылса, 2024 жылы 4 304 орынға арналған тағы 16 нысан іске қосылды. 2025 жылы қалада 4 500 орындық 13 жаңа жатақхана пайдалануға берілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты