Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 482 орындық жаңа студенттік жатақхана ашылды

Алматыда 482 орындық жаңа студенттік жатақхана ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Азаматтық авиация академиясында Студенттер үйі – 482 орындық заманауи ғимарат ашылды. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарманың мәліметінше, Көлік министрлігінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Алматы әкімдігінің қолдауымен 2024 жылы «Қазаэронавигация» РМК балансынан көлемі 7 мың шаршы метрден асатын әкімшілік-қонақ үй кешенін академияның меншігіне беру туралы шешім қабылданған болатын. Соның арқасында ғимарат жаңартылып, заманауи Студенттер үйін құруға мүмкіндік берілді. Нысан студенттік жатақханалар салу бойынша жобалық кеңсенің жұмысы аясында жүзеге асырылды.

Жаңа корпус Азаматтық авиация академиясы мен Алматы халықаралық әуежайының жанында орналасқан. Ғимарат 482 орынға арналған, жайлы, қауіпсіз әрі энергия тиімділігінің заманауи стандарттарына сай.

Жатақхана секциялық форматта салынған. Әр секция екі бөлмелі, мұнда душ және жуынатын бөлме де қарастырылған. Әр қабатта ас үй, сондай-ақ оқуға арналған коворкинг кеңістіктер бар.

Студенттер үйінде спорт залдары, демалыс аймақтары, медициналық кабинет және абаттандырылған алаңдар бар. Жатақхана академия студенттерінің өмірін жандандырып, өзара пікірлесу мен щабыт орталығына айналады.

«Бұл жобаның ерекшелігі, ол жоғары оқу орындарына арналған ғимараттарды қайта жаңарту тетігі бойынша іске асырылды. Соның арқасында ғимарат жаңарды әрі барлық заманауи талапқа сай жаңа студенттік орталыққа айналды», - деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Қажденбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады