Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада тағы екі жаңа студенттік жатақхана ашылды

Астанада тағы екі жаңа студенттік жатақхана ашылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу аясында елордада Астана Медицина университеті мен «Тұран-Астана» университетінің студенттері тұратын 800 орындық тағы екі студенттік жатақхана ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Студенттік кампустың ашылуына Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, «AMANAT» партиясының мүшелері және елордалық мәслихат депутаттары қатысты.100 және 700 орындық заманауи жатақханаларда жайлы өмір сүру, оқу және демалыс үшін барлық жағдай жасалған. «Тұран-Астана» университетінің студенттеріне арналған 100 орындық жатақхана Степан Разин 1-ші тұйық көшесі, 26/1 мекенжайында орналасқан, ал Астана Медицина университетінің студенттеріне арналған 700 орындық жатақхана Григорий Потанин көшесі, 9 мекенжайында орналасқан.

«Жатақхана Астана қаласы әкімдігінің фронт-офисінің қолдауымен пайдалануға берілді. Бұл жатақханада студенттердің жайлылығы үшін бар жағдай жасалған. Бөлмелерде барлық қажетті жиһаздар, тоңазытқыш және жоғары жылдамдықты интернет бар. Біздің университет студенттердің жатақханаға деген қажеттілігін 100% қамтамасыз етті», – деді «Тұран-Астана» университетінің ректоры Гүлжамал Жапарова.Сондай-ақ, Қазақстанның Халық Қаһарманы, ҚР тұңғыш ғарышкері, «Тұран-Астана» университетінің профессоры Тоқтар Әубәкіров құттықтау сөз сөйледі.«Біздің мемлекетіміз студенттер үшін үлкен мүмкіндіктер жасайды. Студенттер мемлекеттің қамқорлығын бағалап, университетті бітіргеннен кейін Отан үшін қызмет етсін», – деді Тоқтар Әубәкіров.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Астанада студенттік жатақханалар салу бойынша жобалық кеңсе (Бейбітшілік көшесі, 9) ашылды. Фронт-офистің негізгі міндеті – жатақханалар салу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, ЖОО-лар мен әлеуетті инвесторларға заңгерлік, консультациялық және сараптамалық қолдау көрсету.Биыл Астанада МЖӘ аясында алты жатақхана салу және пайдалануға беру жоспарланып отыр. Олар 4,5 мыңға жуық орын құруға мүмкіндік береді. Олардың бір бөлігі қазірдің өзінде берілді.2025 жылы тағы 2 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлан отыр. Сонымен қатар, елорда әкімдігі жатақханалар салу үшін тағы 4 жоғары оқу орнына жер телімдерін бөлді.Жатақханалар құрылысы студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы проблемасын шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында іске асырылуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді