Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада мектеп оқушылары арасында ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті

Астанада мектеп оқушылары арасында ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордада «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қалалық Білім басқармасы және «Астана дарыны» орталығымен бірлесіп, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңін өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дарынды оқушылар бас қосқан байқау ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру және Қазақстанның зияткерлік әлеуетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Оның аясында еліміздің барлық өңірінен келген 623 оқушы 463 жобаны қорғады. Аталмыш дода алты секцияны қамтыды. Олардың қатарында физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым, математика, қолданбалы математика, информатика, экономика, биология, химия және қоршаға ортаны қорғау мен адам денсаулығы секілді бағыттар бар.

Байқау халықаралық тәжірибеге сәйкес ашық көрме форматында өтіп, жас зерттеушілер өз жұмыстарын сарапшылар комиссиясына таныстырып отырды.

Үздік делінген жобаларды анықтау үшін қазылар алқасы жұмысына еліміздің беделді жоғары оқу орындарының 60-қа жуық профессор ғалымдары шақырылды. Қорытынды кезең нәтижесі бойынша жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталып, оларға медальдар табысталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді