Елордада «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ (қалалық) кезеңі басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Конкурсқа қатысушылар Астана қаласындағы №116 жалпы орта білім беру мектебінің базасында «Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу» және «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі» бағыттары бойынша жобаларын қорғады.
Конкурстың алғашқы күні барлығы 357 жобамен 467 оқушы қатысты.
Конкурсқа қатысушылар енді «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар» бағытының 11 секциясы бойынша жобаларын қорғайды.