Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана халықаралық әуежайы 15 сәуірден бастап жұмыс тәртібін өзгертеді

Астана халықаралық әуежайы 15 сәуірден бастап жұмыс тәртібін өзгертеді
Фото: zakon.kz

Астана халықаралық әуежайы 2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында ұшу-қону жолағында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Әуе айлағының хабарлауынша, көрсетілген кезеңде ұшу-қону жолағы күн сайын жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін уақытша жабылады.

"Жұмыстар жоспарлы сипатқа ие және аэродром инфрақұрылымы мен жарық-сигналдық жабдықтарды пайдалану жағдайында ұстауға, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыруға бағытталған", – делінген Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарында.

Жөндеу жұмыстары кезінде аталған уақыт аралығында орындалатын барлық тұрақты халықаралық және ішкі рейстер тәуліктің ертерек немесе кешірек уақытына ауыстырылған.

Кестеге енгізілген барлық өзгерістер әуе компанияларымен және уәкілетті мемлекеттік органдармен алдын ала келісілген.

Әуежай уақытша шектеулерден тыс кезеңде штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Бұған дейін Түркістан әуежайына қатысты сот ірі көлемде айыппұл салғаны хабарланған еді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті