Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полиция түнгі клубтың қызметін тоқтатты

Алматыда полиция түнгі клубтың қызметін тоқтатты
Фото: polisia.kz

Алматы қаласында кәмелетке толмағанды қоғамға жат әрекеттерге тарту фактісіне байланысты түнгі клубтың қызметі уақытша тоқтатылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тексеру іс-шаралары мен келіп түскен материалдарды зерделеу барысында кәмелетке толмаған азаматтың түнгі ойын-сауық мекемесінде болғаны, сондай-ақ оның құқыққа қайшы әрекеттерге тартылғаны расталды. Аталған дерек бойынша қажетті құжаттар мен дәлелдемелер жинақталып, соның негізінде қатаң шаралар қабылданды. Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшанның айтуынша, кәмелетке толмағандарды, әсіресе түнгі ойын-сауық орындарында, қоғамға жат әрекеттерге тарту – заңды өрескел бұзу.

– Мұндай жағдайларға формалды түрде қарауға немесе ескерту жасаумен шектелуге болмайды. Егер кәсіп иесі заң талаптарын елемей, балалардың қауіпсіздігіне қатер төндірсе, мұндай нысанның қызметі тоқтатылады, – деді басқарма бастығы.

Оның сөзінше, полиция бұл бағытта "нөлдік төзімділік" қағидатын ұстанады.

– Мәселе тек кәмелетке толмағандардың белгіленген уақыттан тыс жерде болуында емес. Бұл – қылмыс пен қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін қауіпті ортаның қалыптасуына жол беру. Мұндай салдар үшін мекеме иелері жауап береді, – деп атап өтті спикер. 

Қазіргі уақытта түнгі клубтың қызметі тоқтатылды. Осыған ұқсас құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жүйелі түрде жалғасады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді