Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда түнгі ойын-сауық мекемелеріне рейд жүргізілді

Алматыда түнгі ойын-сауық мекемелеріне рейд жүргізілді
Фото: Polisia.kz

Алматыда түнгі ойын-сауық мекемелеріне рейд жүргізілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері учаскелік инспекторлардың, ювеналды полицияның, криминалдық полицияның және көші-қон қызметінің қатысуымен профилактикалық іс-шара өткізді. Рейдтің мақсаты – түнгі уақытта тұрғындардың мазасын жиі алатын ойын-сауық мекемелерінің заңнама талаптарын сақтауын бақылау. Тексеру барысында қоғамдық тәртіпті бұзу, ғимаратта кәмелетке толмағандардың болу ережелерін сақтамау және көші-қон заңнамасын бұзу деректері анықталды. Мысалы, барлардың бірінде тыныштықты және көші-қон ережелерін бұзуға қатысты төрт әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Тағы бір мекемеде осындай екі дерек анықталды. Сондай-ақ темекі өнімдерін, кальян мен электронды шылымдарды шегуге тыйым салу талаптарын бұзудың 17 дерегі тіркелді. 

- Мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Басты мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау. Алматы полициясы бұл бағытта жүйелі түрде жұмысын жалғастыратын болады. Сонымен қатар ойын-сауық орындарының иелеріне заң талаптарын қатаң сақтаудың, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі клубтар мен барларда болуына жол бермеудің маңыздылығын еске саламыз, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ержан Оразаев.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді