Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полиция ойын-сауық орындарында профилактикалық шара жүргізді

Алматыда полиция ойын-сауық орындарында профилактикалық шара жүргізді
Фото: Polisia.kz

Алматыда полиция ойын-сауық орындарында профилактикалық шара жүргізді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда полиция қызметкерлері түнгі ойын-сауық орындарында ауқымды профилактикалық шара жүргізді. Оған тұрғындардың у-шу, кальян шегу және басқа да қоғамдық тәртіпті бұзу туралы көптеген шағымдары себеп болды. Рейдтер барысында ондаған мекеме тексерілді. Кальянды заңсыз пайдаланудың 70-тен астам дерегі анықталды. Мекемелерден 30-дан астам кальян аппараттары тәркіленді. Кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сату деректері тіркелді. Әрбір іс бойынша материалдар жинақталып, кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін сотқа жолданды. Сонымен қатар полицейлер шетелдік азаматтардың тиісті құжатсыз жұмыс істеу деректерін анықтады. Кейбір келушілер мен қызметкерлер іс жүргізу үшін полиция бөлімдеріне жеткізілді.

- Алматы полиция қызметкерлері түнгі уақытта тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Барлық анықталған заң бұзушылықтар есепке алынып, әрқайсысына шара қолданылуда. Біздің міндетіміз - азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі, - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Алдын алу жылы және "Заң мен Тәртіп" қағидатын жүзеге асыру аясында ойын-сауық мекемелеріне мониторинг жүргізу бойынша профилактикалық жұмыстар жалғасады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады