Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ИИДМ басшысы Қырғызстан елшісімен транзит пен инфрақұрылымды дамыту жайын талқылады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қырғызстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Дүйшекеевпен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кездесуде көлік және транзиттік жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, "Қытай-Қазақстан-Қырғызстан" бағыты бойынша транзиттік жүктердің кедергісіз өтуі, елдеріміз арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру, сондай-ақ транзиттік теміржол жолаушылар тасымалын жаңғырту мүмкіндігі қарастырылды.

Анықтама:

2021 жылдың 9 айында Қазақстанның темір жолы арқылы транзитпен жүк тасымалдау көлемі 2%  (немесе 53,91 мың тоннаға) артып, 2 млн.400 мың тоннаны құрады (2020 жылдың сәйкес кезеңінде - 2 млн. 347 мың тонна).

2020 жылы Қытайдан Қырғызстан бағытында транзиттік жүктерді тасымалдау көлемі 226,6 мың тоннаны құрады.  2021 жылғы 9 айда ол көрсеткіш 41% ұлғайып, 221,9 мың тоннаға жетті (2020 жылдың сәйкес кезеңінде - 157,6 мың тонна).

Қазақстан мен Қырғызстан арасында аптасына 9 әуе рейсі орындалады. Қазіргі уақытта аптасына 7 рет Алматы – Бішкек (Air Astana) және аптасына 2 рет Түркістан – Бішкек (Fly Arystan) бағыттарында тұрақты әуе рейстері орындалып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты