Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда импорттық ауыл шаруашылығы өнімдерін алмастыру үшін 200 ден астам жоба іске қосылады

Қазақстанда импорттық ауыл шаруашылығы өнімдерін алмастыру үшін 200 ден астам жоба іске қосылады
Фото: primeminister.kz

Президенттің экономикалық өсімнің жаңа моделіне көшу жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Үкімет ішкі нарықты отандық тауарлармен толық қамтуға назар аударып отыр. Үкімет отырысында «терең қайта өңдеу» жобаларын іріктеу тетіктері туралы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Оның айтуынша, даму институттары ресурстарды 15-20 негізгі индустриялық алпауыттарды іске қосуға жұмылдырмақ, ал шағын бизнесті қолдау 7 млрд теңгеге дейінгі мемлекеттік кепілдікпен екінші деңгейдегі банктерге өтеді. Бұл мемлекетке металлургия, химия және АӨК импорттарын алмастыра алатын зауыттар жобасын тезірек қаржыландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуге басты назар аударылуда. Салалық министрлікпен бірлесіп ет комбинаттары мен сүт зауыттарынан бастап тері мен жүнді қайта өңдеу цехтарына дейін 2,3 трлн теңге сомасына 208 жоба іріктелді. Индустриялық блок бойынша металлургияда 3,9 трлн теңгеге 23 жоба жөніндегі жұмыстар жалғасуда, оның ішінде кальцийленген және каустикалық сода шығаруды қоса алғандағы, химия өнеркәсібін дамыту жобалары бар.
Қазіргі уақытта 3,4 трлн теңге сомасына 449 инвестициялық жобаның тізбесі қалыптастырылды. Негізгі басымдық  – қосылған құны жоғары өнімді шығаруға көшу. Атап айтқанда, Қазақстан Даму банкі шикізаттық емес экспортты қолдауға 2 трлн теңге бағыттайды, ал Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржы тамақ өнеркәсібі жобаларын 1 трлн теңгеге қаржыландыруды қамтамасыз етеді, — деді Рустам Қарағойшин.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті