Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚДБ АӨК жобаларын 1,2 трлн теңгеге қаржыландырады

ҚДБ АӨК жобаларын 1,2 трлн теңгеге қаржыландырады
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновке жұмыс кеңесі барысында «Қазақстан Даму Банкі» АҚ басқарма төрағасы Марат Елібаев баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауын іске асыру шеңберінде Банк ауыл шаруашылығын дамыту бойынша басым бағыттарға талдау жасады. Олардың ішінде ет, сүт және астықты терең өңдеу, өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын дамыту, құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын және етті мал шаруашылығы кәсіпорындарын салу мәселелері бар. 

Марат Елібаев ҚДБ-ның екінші деңгейлі банктермен және басқа да қаржы институттарымен бірлесе отырып, агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жалпы сомасы 1 трлн 220 млрд теңгеге қаржыландыруды қамтамасыз етуге дайын екендігі туралы баяндады.

Қазіргі уақытта Банк отандық инвесторлардың жаңа жобаларын қарауға кірісті. 

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Банк басшылығына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, импортты алмастыруға және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуға бағытталған инвестициялық жобаларға басымдық бере отырып қарауды тапсырды. 

Айта кету керек, ҚДБ-ның агроөнеркәсіп секторында жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі бар. Оның ішінде Ақмола облысында ет өндіретін құс фабрикасын, майлы дақылдар өңдеу зауыттарын салу және жаңғырту жұмыстарын атап көрсетуге болады. Сондай-ақ Банктің қаржыландыруымен Түркістан облысында еліміздегі ең ірі жылыжай кешенінің құрылысы басталды, оның бірінші кезеңі келесі жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады