Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша «Бәйтерек» холдингі құралдарының тиімділігін арттыруды тапсырды

Олжас Бектенов отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша «Бәйтерек» холдингі құралдарының тиімділігін арттыруды тапсырды
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысына холдингтің инвестициялық және қаржылық қызметінің, оның еншілес құрылымдарының нәтижелері және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде отандық тауар өндірушілерді қолдаудың жаңа құралдарын енгізу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы ақпарат берілді.

«Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарының айналым капиталын қаржыландыру бағдарламасын әзірлеу барысы туралы баяндады, оның аясында отандық тауар өндірушілерге АӨК-дегі өңдеушілерге тауарлық несие беру және факторинг сияқты қысқамерзімді сауда қаржыландыру құралдары ұсынылады. Бұл шаралар жұмыс істеп тұрған өндірістердің айналым капиталын көбейтуге мүмкіндік береді әрі жаңа кәсіпорындар ашуға жағдай жасайды.

Холдингтің еншілес құрылымы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өсімдік шаруашылығын қолдауға бағытталған «Сыйақы мөлшерлемесін бөлу» пилоттық жобасын іске қосты. Шаруаларға жеңілдікпен қаржы беріледі, бұл ретте мөлшерлеме бюджет қаражаты емес, тауар жеткізушілер есебінен субсидияланады. «FOODGRAIN» ЖШС оң нәтиже оң көрсетсе, жобаның ел бойынша таралу ауқымын кеңейту жоспарлануда.

Құрылыс материалдарының отандық онлайн платформасын material.kz тауар биржаларымен интеграциялау мәселесі пысықталуда, бұл құрылыс материалдары нарығында баға белгілеудің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Платформада 217 отандық құрылыс материалдарын өндіруші мен жеткізуші тіркелген, 614 тауар санаты орналастырылған.

«Бәйтерек» ҰБХ тарапынан көрсетілетін бизнесті қолдау шаралары шеңберінде қаржыландыру сомасының кемінде 30% мөлшерінде отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алу негізгі өлшем болып саналатын жобаларда ел ішіндегі құндылықты сақтау бойынша өзара міндеттемелер қарастырылған. Үкімет басшысы Олжас Бектенов бұл шекті көрсеткішті арттыру мақсатында қайта қарауды тапсырды. 

«Жақында мен Үкімет отырысында Экономикалық патриотизм саясатын ұстанатынымызды айттым. Мемлекеттік даму институттары есебінен қаржыландырылатын жобалардағы елішілік құндылықтың үлесі едәуір жоғары болуға тиіс. Әрбір жобаны талдап, мемлекеттік қолдау алушыларға тек қана қазақстандық өндірістің жабдықтарын, материалдарын, басқа да тауарларын сатып алу бойынша міндеттемелер қою қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы холдинг басшылығына және бейінді министрліктерге отандық тауар өндірушілерді қолдаудың қолданыстағы құралдарының тиімділігін арттыруды, олар туралы бизнесті ақпараттандыру жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

Кеңес қорытындысы бойынша «Бәйтерек» ҰБХ АҚ-ның 2023 жылғы жылдық есебі, 2014-2023 жылдарға арналған даму жоспарының орындалуы жөніндегі есебі және басқа да бірқатар құжаттар бекітілді.

Анықтама: «Бәйтерек» ҰБХ құрылымдық бөлімшелері бір жарым жыл ішінде отандық өндірушілерге 1,2 трлн теңгеге қолдау көрсетті. Лизингтік қаржыландыру аясында қазақстандық 27 өндірушіге қолдау көрсетіліп, 677,5 млрд теңгеге 22 мыңға жуық көлік техникасы сатылды. Қазақстанның Даму банкі желісі бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 181,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде отандық өндірушілердің үлесі – 106,3 млрд теңге. Экспорттық-кредиттік агенттіктің қабылданған міндеттемелерінің көлемі 466,9 млрд теңгені, экспорттық түсім – 860 млрд теңгені құрады. «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ 26 млрд теңгеге 9 жобаға қолдау көрсетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді