Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дархан Сатыбалды: метро құрылысы сапалы әрі уақытында аяқталуы тиіс

Дархан Сатыбалды: метро құрылысы сапалы әрі уақытында аяқталуы тиіс
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды метрополитеннің бірінші желісінің үшінші кезеңіндегі жұмыстардың барысын тексерді. Бұл желі 5 шақырымнан астам қашықтыққа созылып, «Қалқаман» станциясын «Барлық» базары маңымен байланыстырады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа желіде үш станция салынады:— Наурызбай ауданы әкімдігі жанында,— Алатау даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында,— «Барлық» базары маңында. Мұнда метро, автобекет, LRT және автотұрақты біріктіретін ірі көлік торабы бой көтереді. «Қалқаман» станциясында жұмыстар қарқынды жүріп жатыр: бір тоннель толық жүргізілді, монолитті жұмыстардың 75%-ы орындалды, инженерлік жүйелер орнатылуда. Станцияда күн сайын 100 мыңнан астам жолаушы тасымалданатын болады. Жоба аясында ұзындығы 3 шақырымнан асатын екі тоннель қарастырылған. Оның бірі толық дайын, мұнда пойыздардың дыбыссыз қозғалысын қамтамасыз ететін жаңа технология бойынша рельстер төселуде. Екінші тоннель 2026 жылдың қаңтарында аяқталмақ. Бас мердігер нысанды мерзімінен бұрын тапсыруды жоспарлап отыр: қараша айында инженерлік және әрлеу жұмыстары басталады.

«Жаңа станциялар мен көлік тораптарының құрылысы – тұрғындардың қолайлылығы мен қауіпсіздігіне салынған инвестиция. Біз жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауымыз қажет», – деді Дархан Сатыбалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті