Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Энергетикалық қауіпсіздік: аймақта апаттық ажыратулар азайып келеді

Энергетикалық қауіпсіздік: аймақта апаттық ажыратулар азайып келеді
Фото: БҚО әкімдігі

ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Жақып Хайрушев өңірде жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі БҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

Ол облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәйдің төрағалығымен өткен энергетикалық әлеуетті дамытуға арналған кеңеске қатысты. Жиында коммуналдық кәсіпорын өкілдері, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері маңызды мәселеге қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Өңірде электр желілерінің орташа тозу деңгейі 75,43 пайызды құрайды. Кейінгі 3 жылда 13 млрд теңгеге 12 жоба жүзеге асырылып, апаттық ажыратулар саны 350 жағдайға дейін азайды. Былтыр 1 023 шақырым әуе желісі жөнделіп, 22 қосалқы станция жаңартылды. Жыл соңына дейін тозу көрсеткішін 70 пайыз деңгейге төмендету жоспарланып отыр. 2025-2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 8 ауданның 41 елді мекенінде желілер жаңартылуда.

Жиында Батыс Қазақстан өңірлік электр желісі компаниясының қаржылық жағдайы қаралып, тариф саясатындағы өзгерістер сөз болды. Жақып Хайрушев коммуналдық қызметтерді цифрландырудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ жаңғырту жұмыстары кезеңінде тарифтердің өсуіне жол бермеу қажеттігін қаперге салды. Ол отырыста көтерілген барлық мәселе бойынша өз құзыреті шегінде жұмыстанатынын жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті