Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Орал жылу-электр орталығының 65 жылдық мерейтойы аталып өтті

Орал жылу-электр орталығының 65 жылдық мерейтойы аталып өтті
Фото: БҚО әкімдігі

Энергетиктер күні мерекесі қарсаңында өткен мерейтойлық жиынға БҚО әкімі Нариман Төреғалиев, сала мамандары мен ардагерлері қатысты. Аймақ басшысы сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап,  энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбектері үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі БҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

1960 жылдың 22 желтоқсанында бірінші турбогенератор жүктеме алып, станция тұрғындарға, зауыттар мен фабрикаларға алғашқы электр және жылу энергиясын жеткізді. Содан бері 65 жыл бойы Орал жылу-электр орталығы қаламыздың ұйым-кәсіпорындарына қуат беріп, оралдықтардың үйлеріне жылу мен жарық сыйлап келеді.
Жалпы энергетика саласын дамыту мақсатында соңғы жылдары кәсіпорында жабдықтар мен техниканы жаңарту, өндірісті жаңғырту мәселесіне ерекше мән берілуде.

Атап айтқанда, 2023 жылы жылу-электр орталығында жаңа градирня іске қосылып, су торабында жаңа қосалқы станция пайдалануға берілді, сондай-ақ жаңа қазандық салынды.Ал ағымдағы жылдың шілде айында 10 жыл бойы жұмыс істемей тұрған №1 турбоагрегат іске қосылып, генерациялау қуаты 12 МВт-қа артты. Энергия үнемдеу технологияларын енгізу, жабдықтар мен станциялардың жұмыс режимдерін оңтайландыру нәтижесінде электр және жылу энергиясын өндіру көлемі ұлғайып, табиғи газ шығыны төмендеді.

Жылу желілерінің тозуын азайту, апаттар санын қысқарту және тұтынушыларды сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында 2024–2025 жылдары 11,2 млрд теңгеге 11 км ТМ-2 және ТМ-5 жылу магистралдары қайта жаңғыртылды.

Биылғы жылы кәсіпорын «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2 маңызды жобаны іске асырды. Атап айтқанда, Круглоозерное және Зачаганск кенттерінде ескі қазандықтардың орнына жаңа блокты-модульдік қазандықтар салынып, пайдалануға берілді.

Алдағы жылдары да ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. 2026 ж ТМ6, ТМ7 қайта жаңарту жоспарлануда.

Сонымен қатар, алдағы 5 жылға арналған энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту картасына сәйкес ТМ-3 жылу магистралі мен Северо-Восток, Строитель шағынаудандарындағы жылу тарату желілерін қайта жаңарту көзделіп отыр.

Сондай-ақ, Жапондық Hitachi турбинасын жаңғырту бойынша жұмыстар аяқталу сатысында. Бұл жұмыстар станцияның тұрақты жұмысын қосымша қамтамасыз ететін боладыскачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті