Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеуді жыл соңына дейін аяқтау қажет — Олжас Бектенов

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеуді жыл соңына дейін аяқтау қажет — Олжас Бектенов
Фото: wikipedia.org

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды. Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов жылыту маусымын өткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылыту кезеңіне дайындық және тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін Энергетика министрлігі жылыту маусымында бірқатар шаралар қабылдады: электр энергиясына шекті тарифтер түзетілді, қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті ұлғайтылды.

Бұл жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 44%-ға, 327 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Энергия көздерінің отын қоймаларында 5,6 млн тонна көмір және 97 мың тонна мазут жинақталған, бұл нормативке сәйкес келеді.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, электр стансаларындағы 8 энергия блогында, 51 қазандықта және 38 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. 2 энергия блогында, 4 қазандықта және 7 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталу кезеңінде. Сондай-ақ 20,7 мың шақырым электр беру желілері, 384 қосалқы станса және 4 054 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы стансалар жөндеу жұмысы аяқталды. 542 шақырым жылу желілері жөнделді.

Премьер-министр жедел әрекет ету шараларын қабылдаудың және халықты ақпараттандырудың маңызын атап өтті. ТКШ саласын одан әрі дамыту үшін Үкімет Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеуде. Оны іске асыру инженерлік желілердің тозу көрсеткішін төмендетуге, инфрақұрылымды ауқымды жаңартуға және апаттар қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысы біздің алдымызға осындай стратегиялық маңызды міндет қойды, оны нақты орындау қажет. Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін Ұлттық жобаны әзірлеу жұмыстарын аяқтауды тапсырамын», — деп атап көрсетті Олжас Бектенов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі