Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық-энергетикалық секторын жаңғырту қарқынымен танысты

Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық-энергетикалық секторын жаңғырту қарқынымен танысты
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының барысымен және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жабдықтарды жөндеу және қалпына келтіру бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілген Петропавл 2-ЖЭО-ға ерекше назар аударылды. «СевКазЭнерго» АҚ бас директоры қазандық агрегаттары мен турбогенераторлар сияқты негізгі техникалық құралдардың тозу деңгейі 57,3%-ды құрайтынын баяндады. 2024 жылы 2-ЖЭО-да №1, 9 қазандықтары мен №3, 6 турбиналарына күрделі жөндеу жүргізіліп, сондай-ақ төрт турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталған.

Сонымен қатар биіктігі 180 метр №1 түтін мұржасының құрылысы аяқталды, оны пайдалануға беру жыл соңына жоспарланған. Сондай-ақ №3, 6, 11 үш қазандықта және №7 бір турбинада қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Кәсіпорын басшылығының ақпаратына сәйкес, 2-ЖЭО көмір және мазутпен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта қорда 183 мың тонна көмір, 1833 тонна мазут бар. Отын жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

Жылу электр орталықтарында уақтылы жүргізілген дайындық пен қалпына келтіру жұмыстары қаланың жылумен қамту жабдықтары мен жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ағымдағы жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. ҚР Энергетика министрлігі биыл нысанды қауіптің «қызыл» аймағынан «сары» аймаққа шығаруды жоспарлап отыр.

Кәсіпорында Премьер-министрге «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы баяндалды. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 363 медициналық мекемені, 585 оқу орнын, 156 мәдениет және спорт нысанын, сондай-ақ 1435 көппәтерлі тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ететін 490 қазандық жұмыс істейді.

«Жылумен үздіксіз қамтамасыз ету жұмысы Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Соңғы бір жылда еліміздегі 55 жылу көзі жаңғыртылды. Үкімет осы бағытта энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруда. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша инженерлік желілердің тозу деңгейі 40%-ға дейін төмендеп, электр энергиясын өндіру қуаты 7,3 ГВт-қа артады деп болжануда. Сонымен қатар жобалар 3,5 мың жұмыс орнын ашуды көздейді», — деп атап өтті Премьер-министр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты