Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сәтбаев университеті машина жасау саласына арналған фибробетон технологиясын ұсынды

Сәтбаев университеті машина жасау саласына арналған фибробетон технологиясын ұсынды
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

«Жас ғалым» гранттық қаржыландыру конкурсы аясында Сәтбаев университетінің жас ғалымдары металл қолданбай, композиттік материалдардан орталықтан бағытталатын сорғы корпусының тәжірибелік үлгісін дайындап шығарды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Металдан жасалған дәстүрлі сорғы корпустарының беріктігі жоғары болғанымен, олардың салмағы айтарлықтай ауыр, дайындалуы күрделі және діріл деңгейі өте жоғары болады. Сәтбаев университетінің «Технологиялық машиналар және газтурбиналық қондырғылар» кафедрасының аға оқытушысы Ақжарқын Игібаева «Көміртекті фиброталшықтан сорғы бөлшегінің корпусын дайындау технологиясы» жобасы аясында университет зертханаларында машина жасау саласына арналған жаңа материалдарды әзірлеу бойынша кешенді эксперименттік және технологиялық жұмыстар жүргізді.

Жүргізілген зерттеулер фибробетоннан жасалған сорғы корпустарының динамикалық жүктемелерге төзімділігі жоғары екенін, коррозияға қарсылығы тұрақты және дәстүрлі металл баламаларымен салыстырғанда олардың пайдалану мерзімі ұзағырақ болатынын көрсетті.

«Машиналардың корпустық бөлшектерінде фибробетонды қолдану діріл мен шудың деңгейін айтарлықтай төмендетуге, тораптардың пайдалану тұрақтылығын арттыруға және дайындау технологиясын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында сондай-ақ материалды қалыптау және қатайту технологиясы әзірленіп, орталықтан бағытталатын сорғы корпусы беріктік пен геометриялық дәлдік талаптарына сай етіп дайындалды», – деп атап өтті PhD Ақжарқын Игібаева.

Әзірленген технологияны машина жасау саласында, тау-кен металлургия өнеркәсібінде, көліктік машина жасауда және орталықтан бағытталатын сорғыларды қолданатын, әрі олардың пайдалану сипаттамаларын арттыру қажет болатын басқа да салаларда қолдануға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті