Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су тартқыш және №4 сорғы-сүзгі стансасының құрылысына арналған EPC-келісімшартқа қол қойылды

Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су тартқыш және №4 сорғы-сүзгі стансасының құрылысына арналған EPC-келісімшартқа қол қойылды
Фото: primeminister.kz

2025 жылғы 31 наурызда Астана қаласында Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су тартқыш және №4 сорғы-сүзгі стансасының құрылысына арналған EPC-келісімшартқа салтанатты қол қойылды. Бұл жоба елорда үшін маңызды инфрақұрылымдық бастамалардың бірі болып саналады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр және Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь мырза қатысты.

Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су тартқыш пен №4 сорғы-сүзгі стансасының құрылысы – Астананы тұрақты әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық жоба. Су тартқыштың жалпы ұзындығы – 203,06 шақырым (екі желі). Жобаның жүзеге асырылуы қаланың коммуналдық инфрақұрылымын жаңғыртуға, су тұтынудың артуына төтеп беруге және әлеуметтік-экономикалық дамуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

EPC-келісімшартты дайындау қазақстандық және қытайлық тараптардың тығыз өзара іс-қимылы негізінде, жобалаудың халықаралық стандарттарын, экологиялық қауіпсіздік пен құрылыс тиімділігін сақтай отырып жүргізілді. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың сәуір айында басталады деп жоспарланып отыр.

China Energy International Group және оның еншілес компаниясы China Gezhouba Group Company Ltd. әлемнің түрлі өңірлерінде ірі инфрақұрылымдық және инженерлік жобаларды іске асыруда мол тәжірибеге ие.

EPC-келісімшартқа қол қою – қалалық ортаны орнықты дамыту және инфрақұрылым саласындағы қазақстан-қытай әріптестігін одан әрі нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты