Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жоғары білім берудің VIII француз-қазақстандық форумы басталды

Алматыда жоғары білім берудің VIII француз-қазақстандық форумы басталды
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Франция президенті Эмманюэль Макронның Қазақстанға сапары аясында жоғары білім саласындағы басшылар мен мамандардың бір тобы біздің елімізге келді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Үш күн ішінде француз делегациясы Алматының бірқатар жоғары оқу орындарын аралайды.

Қазақстан мен Францияның жоғары оқу орындарының өкілдері халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту перспективаларын анықтап, Қазақстанда жұмыс істейтін француз компанияларының инженерлер мен техниктерге деген қажеттілігі туралы ақпаратпен бөлісуді, «Болашақ» бағдарламалары мен ғылыми тағылымдамадан өту шарттары туралы көбірек білуді, сондай-ақ Erasmus+ бағдарламасы аясында Франция университеттері мен Қазақстан университеттері арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауды жоспарлап отыр.

Кеше Сәтбаев Университетінде өткен дөңгелек үстел жиынында Франция мен Қазақстанның ғалымдары мен оқытушылары геология және энергетика саласында кадрлар даярлау бойынша тәжірибе алмасып, алдағы ынтымақтастық қарым-қатынастың жоспарын айқындады.

Франциядағы I2EN инженерлік мектебінің директоры Карен Даифукудің ойынша, екі елдің жоғары білім және ғылым саласындағы болашақ ынтымақтастық байланысы студенттермен алмасуды және өзара ғылыми іс-әрекетті ынталандыруы керек:

«Сәтбаев Университетінде ядролық инженерия саласында қос дипломдық білім беру бағдарламасын іске қосуға біз дайынбыз. Бұл дарынды инженерлерге қажетті дағдыларды меңгеруге және Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға септігін тигізеді», - деді Карен Даифуку.

Францияның Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Фабрис Невё мырза өзінің жауап сөзінде қазақстандық және француз университеттері арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас одан әрі дамитынын атап өтті:

«Кеше Астанада Макрон мырза қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті. Бұл француздар мен қазақтардың білім мен ғылымға деген құштарлығында ортақ қасиет көп екенін көрсетеді», – деді Невё мырза өз сөзінде.

Форум аясында Франция жоғары оқу орындары өкілдерінің делегациясы Алматыда NARXOZ университетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қызметімен танысады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді