Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары ауылшаруашылық өнімдерін ұзақ сақтайтын инновациялық қондырғы жасады

ҚазҰУ ғалымдары ауылшаруашылық өнімдерін ұзақ сақтайтын инновациялық қондырғы жасады
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары фермерлік өнімдерді өңдеуге арналған «Dayar 20» атты мобильді лиофилизациялық қондырғыны жасап шығарды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл заманауи құрылғы ауылшаруашылық өнімдерін табиғи қалпында сақтап, олардың сапасын жоғалтпай, ұзақ уақытқа дейін тұтынуға мүмкіндік береді. Ең басты ерекшелігі – қондырғыны егіс даласына, бау-бақшаға немесе шалғай фермаларға апарып, өнімді сол жерде өңдей алуы.

«Лиофилизация немесе сублимациялық кептіру – бұл мұздатылған өнімнен суды төмен қысымда буландырып, оның табиғи құрылымы мен пайдалы қасиеттерін сақтап қалатын озық технология. «Dayar 20» қондырғысы арқылы кептірілген өнімдер дәмі, түсі, иісі, пішіні және құрамындағы дәрумендерімен бірге ұзақ уақытқа жарамды болып қала береді», – деді жоба жетекшісі, химия саласындағы PhD, табиғи қосылыстар мен полимерлердің органикалық заттар химиясы және технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, дәрілік заттардың органикалық синтезі және химиясы зертханасының меңгерушісі Ербол Ихсанов.

Оның сөзінше, қондырғы жеміс-жидектерді, көкөністерді, ет пен сүт өнімдерін, тіпті дайын тағамдар мен балыққа дейін жоғары сапада кептіре алады. Құрғақ өнімдерді арнайы тоңазытқышсыз бөлме температурасында бір жылдан үш жылға дейін, ал арнайы қаптамамен 10-50 жылға дейін сақтауға болады.

«Dayar 20» – фермерлер үшін сенімді көмекші ғана емес, сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешен мен өңдеу саласын жаңғыртуға жол ашатын технологиялық серпіліс. Бұл құрылғы, әсіресе, таулы және шалғай аудандардағы шаруашылықтар үшін тиімді шешім. Инновациялық жобаны жүзеге асыру арқылы ҚазҰУ ғалымдары ауылшаруашылық өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге нақты үлес қоспақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті