Астана қаласы Білім басқармасының бастамасымен №119 мектепте білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларының қатысуымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша арнай жиын өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жиын Білім басқармасы басшысының орынбасары Б. Мұсахановтың төрағалығымен ұйымдастырылды. Іс-шараға құқық қорғау органдарының – Полиция департаментінің (ПД), Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің (ҰҚКД) өкілдері қатысты.
Оқушылардың қауіпсіздігін қажетті деңгейде қамтамасыз ету уәкілетті органдар қабылдайтын іс-шаралар жүйесін қамтиды. Ең маңызды міндеттердің бірі – барлық білім беру мекемесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұр.
Кеңесте білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер қаралды, оның ішінде:
• мемлекеттік және жеке білім беру ұйымдарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы;
• антитеррорлық қорғаныс шараларын қамтамасыз ету және күзет қызметтерімен өзара іс-қимыл;
• терроризм қатері туындаған жағдайдағы бастапқы іс-қимылдар бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізу;
• терроризмге қарсы қорғаныс паспорттары мен нұсқаулықтары бойынша түсіндіру жүргізу, сондай-ақ терроризм актілері туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік мәселелері;
• 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 Бұйрықтың 6-тарауының талаптарына сәйкес дыбыстық хабарлау және дауыс хабарламаларын тарату жүйелерінің жұмысқа жарамдылығын тексеру және қамтамасыз ету мәселелері.
Сондай-ақ, қауіпсіздікті жақсарту және нығайту жөніндегі іс-шаралар талқыланды, сондай-ақ одан әрі іс-қимылдар үшін ұсыныстар әзірленді. Мектептердегі қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында Білім басқармасы осы бағыттағы қауіпсіздікті жақсартуға және нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұдайы жүргізетін болады.