Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада мектептер мен балабақшалардағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Астанада мектептер мен балабақшалардағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласында Білім беру объектілеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша онлайн мәжіліс өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Мұсаханның төрағалығымен өткен жиынға қаланың барлық жеке және мемлекеттік білім беру мекемелерінің бірінші басшылары қатысты.

Іс-шараға құқық қорғау органдарының – Полиция департаментінің (ПД), Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің (ҰҚКД) өкілдері қатысты.

Оқушылардың қауіпсіздігін қажетті деңгейде қамтамасыз ету уәкілетті органдар қабылдайтын іс-шаралар жүйесін қамтиды. Біздің алдымызда ең маңызды міндеттердің бірі – барлық білім беру мекемелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұр.

Кеңесте білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Олар:
• мемлекеттік және жеке білім беру ұйымдарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы;
• антитеррорлық қорғаныс шараларын қамтамасыз ету және күзет қызметтерімен өзара іс-қимыл;
• терроризм қатері туындаған жағдайдағы бастапқы іс-қимылдар бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізу;
• терроризмге қарсы қорғаныс паспорттары мен нұсқаулықтары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ терроризм актілері туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік мәселелері;
• 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрықтың 6-тарауының талаптарына сәйкес дыбыстық хабарлау және дауыс хабарламаларын тарату жүйелерінің жұмысқа жарамдылығын тексеру және қамтамасыз ету мәселелері.

Сондай-ақ, қауіпсіздікті жақсарту және нығайту жөніндегі іс-шаралар талқыланды, сондай-ақ одан әрі іс-қимылдар үшін ұсыныстар әзірленді.

Білім беру объектілеріндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында басқарма осы бағыттағы қауіпсіздікті жақсартуға және нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұдайы жүргізетін болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті