Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық колледж оқытушылары Қытайда жасанды интеллект бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті

Қазақстандық колледж оқытушылары Қытайда жасанды интеллект бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанның барлық өңірлерінен іріктелген 20 колледж оқытушысы Қытайдың Ухань бағдарламалық қамтамасыз ету инженерлік кәсіптік колледжінде жасанды интеллект (AI) бағыты бойынша халықаралық тағылымдамадан өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Тағылымдама бағдарламасы жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясат пен оқыту әдістемесін, заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету технологияларын, сондай-ақ смарт-автомобильдер мен трансшекаралық e-commerce бағыттарындағы практикалық дағдыларды қамтыды.

Бағдарлама аясында қатысушылар Ухань қаласындағы жетекші IT және өндірістік компанияларда болып, жасанды интеллект технологияларының нақты өндірістік үдерістерде қолданылуымен танысты.

Тағылымдама қорытындысы бойынша оқытушылар практикалық емтиханды сәтті тапсырып, халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болды. Аталған жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, болашақтағы бірлескен бастамаларға негіз қалады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты