Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ЭКСЖ ұлттық жобасын іске асыру: Қанат Бозымбаев Алматыдағы есептеу аспаптарын шығаратын кәсіпорындарға барды

ЭКСЖ ұлттық жобасын іске асыру: Қанат Бозымбаев Алматыдағы есептеу аспаптарын шығаратын кәсіпорындарға барды
Фото: primeminister.kz

Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев энергия ресурстарын есепке алу аспаптарын шығаратын отандық кәсіпорындардың қызметімен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жұмыс сапарына Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова, «ТКШ ҚазОрталық» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Солтамбеков қатысты.

Делегация «Nero Group» ЖШС мен «SAIMAN корпорациясы» ЖШС-нің өндірістік алаңдарын аралады. Аталған кәсіпорындарда электр энергиясын, суды, газды және жылуды есепке алу аспаптары өндіріледі, сондай-ақ энергия ресурстарына мониторинг жасаудың цифрлық жүйелері енгізілуде.

NERO компаниялар тобы – «Алатау ИТП» арнайы экономикалық аймағының резиденті. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1,2 млн электр энергиясын есепке алу аспабын, 1,5 млн су есептегішін, 1 млн газ есептегішін және 25 мыңға дейін жылу энергиясын есепке алу аспаптарын шығаруға мүмкіндік береді. Қызметкерлер саны — 150 адам. Өткен жылдың қорытындысы бойынша «NERO INDUSTRIES» ЖШС-нің өндіріс көлемі 20 млрд теңгеге жетіп, жергілікті қамту деңгейі 70%-ды құрады. Биыл бұл көрсеткішті 95%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Танысу барысында кабель өнімдерін өндіруді іске қосу және газ есептеу аспаптарының желісін кеңейту жоспарлары ұсынылды. Сондай-ақ Energo University (АЭБУ) бірлесіп жүзеге асырылатын Smart Energy ғылыми-білім беру кластерін құру бастамасы таныстырылды. Бұл жоба инженерлік кадрларды даярлауға және энергетика саласындағы қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталған.

«SAIMAN корпорациясы» ЖШС-не барған кезінде делегация 30 жылдан астам уақыт бойы электротехникалық өнімдер мен энергия ресурстарын есепке алу аспаптарын шығарып келе жатқан кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымымен танысты.

SAIMAN кәсіпорны жылына 800 мыңға дейін электр энергиясын есепке алу аспабын, 600 мың су есептегішін, 300 мың газ есептегішін және 8 мыңға дейін жылу есептегішін өндіруге қауқарлы. Кәсіпорында 210 адам еңбек етеді. Өндірілетін барлық өнім отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген, қажетті сертификаттарға ие, ал ішкі қосылған құнның орташа үлесі 65%-ға жетеді.

Қанат Бозымбаев энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыруда отандық тауар өндірушілерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Қазіргі уақытта есепке алу аспаптарына қойылатын бірыңғай талаптар мен стандарттарды қалыптастыру, цифрлық және «ақылды» технологияларды енгізу және оларды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың барлық секторларына, сондай-ақ ел аумағында кеңінен интеграциялау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл ресурстарды есепке алудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, рәсуә мен қаржылық шығындарды азайтуға, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті