Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында ауыр жүк тасымалдайтын тіркемелер өндірісі іске қосылады

Алматы облысында ауыр жүк тасымалдайтын тіркемелер өндірісі іске қосылады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алматы облысының Қарасай ауданына жасаған жұмыс сапарында 200 тоннаға дейінгі ауыр жүк көтеретін тіркемелер өндіруді көздейтін жаңа индустриялық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өндіріс индустриялық-өндірістік «Алтын таға» кешені базасында орналастырылады. Мұнда жеке цех қалыптастырылып, жақын арада арнайы жабдықтарды жеткізу және монтаждау жұмыстары жүргізіледі.

«Алтын таға» кешені өңірдегі негізгі өндірістік нысандардың бірі саналады. Мұнда қалалық және жоғары кернеулі электр беру желілеріне арналған темірбетон тіректер шығарылады. Кәсіпорынның тәулігіне орташа өндірістік қуаты 300-ден астам конструкцияны құрайды, бұл елдегі инвестициялық жобалардың шамамен 90%-ының қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорында заманауи технологиялық шешімдер енгізілуде.

«Бұл цех PIR сэндвич-панельдерін өндіретін заманауи желімен жабдықталған. Мұндай өндірістік желі Қазақстанда алғаш рет іске қосылып отыр. Өндірістік қуаты жылына 1,5 млн шаршы метр панель шығаруға мүмкіндік береді. Өнімнің басты артықшылығы - жоғары жылу оқшаулау және энергия тиімділігі, бұл ғимараттарды жылыту мен пайдалануға кететін шығындарды айтарлықтай азайтады. Гигроскопиялық қасиеттерінің болмауы панельдердің қызмет ету мерзімін 50 жылға дейін қамтамасыз етеді», — деді кәсіпорынның коммерциялық директоры Валерий Ухватов.

Сонымен қатар кәсіпорын жыл сайын 500 мың шаршы метрге дейін тротуар плиталарын, шамамен 6 мың дана машина жасау өнімдерін, 6 мың тоннадан астам металл конструкцияларын және 1,5 млн шаршы метрге дейін сэндвич-панель шығарады.

Кешенді дамытудың басым бағыттарының бірі – отандық өнеркәсіп үшін стратегиялық маңызы бар ауыр жүк тасымалдайтын тіркемелер өндірісін іске қосу.

«Біз 200 тоннаға дейінгі жүк көтергіш тіркемелер өндірісін жолға қоюды жоспарлап отырмыз. Біздің бағалауымыз бойынша, Қазақстанға жыл сайын негізінен Қытайдан шамамен 2 мыңға жуық тіркеме мен кран-балка әкелінеді, ал мұндай техника ел ішінде өндірілмейді. Біздің мақсатымыз – ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп, экспортқа шығу», — деді компания директоры Әлішер Нұрмағанбет.

Қазіргі уақытта кәсіпорында өңірдің 300-ден астам тұрғыны жұмыспен қамтылған.

Өндіріс алаңымен танысу барысында Қанат Бозымбаев тиісті мемлекеттік органдарға шығарылатын ұзын өлшемді автомобиль тіркемелері мен стационарлық көтергіш механизмдерді сертификаттау және сынақтан өткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар вице-премьер кәсіпорында шығарылатын темірбетон өнімдерін су саласын дамытудың кешенді жоспары аясында ирригациялық желілерді жаңғыртуда, сондай-ақ ЭКСЖ ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымды жаңартуда кеңінен қолдануды тапсырды. Бұл жүзеге асырылып жатқан жобалардағы отандық қамту үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті