Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Шелл» компаниясының басшылығымен келіссөз өткізді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Шелл» компаниясының басшылығымен келіссөз өткізді
Фото: primeminister.kz

Бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Шелл» компаниясының барлау және өндіру бөлімінің атқарушы вице-президенті Ричард Хаумен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады. «Шелл» компаниясы Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ірі шетелдік инвесторларының бірі болып саналатыны, сондай-ақ Карашығанақ, Қашаған және КҚК сияқты маңызды жобаларға қатысатыны атап өтілді.

Тараптар Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасына ерекше назар аударды. Аталған жоба ӨБК бойынша Түпкілікті келісім шарттарының шеңберінде жүзеге асырылады.

Өз кезегінде «Шелл» компаниясының барлау және өндіру бөлімінің атқарушы вице-президенті Ричард Хау:

«Қазақстанмен серіктeстігімізге 30 жылдан асты. Бұл біз үшін ерекше мақтаныш. Мен үшін Қазақстанға жаңа қызметтік мәртебемде қайта оралу – үлкен құрмет», — деп атап өтті.

Роман Скляр бұл жобаның стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, оның іске асуын жеделдетудің қажеттігін жеткізді.

Кездесу қорытындысында тараптар ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа ниетті екендерін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді