Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Қытай экспорт-импорт банкінің басшылығымен кездесу өткізді

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Қытай экспорт-импорт банкінің басшылығымен кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытай экспорт-импорт банкі басқармасының төрағасы Чэнь Хуайюймен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға байланысты бірқатар мәселені, сондай-ақ Қазақстан аумағында бірлескен инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шешімдерді әзірлеу жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады.

Қытай экспорт-импорт банкінің көліктік-логистикалық және өзге де инфрақұрылымды дамытуға бағытталған негізгі инвестициялық бастамаларды қаржыландыруға одан әрі қатысу перспективаларына ерекше назар аударылды.

Чэнь Хуайюй Қытай тарапының өзара мүдделерге жауап беретін және Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін жобаларға қолдау көрсетуге дайын екендігін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша Роман Скляр аталған жобаларды жүзеге асыру Қазақстан – Қытай ынтымақтастығын кеңейтуде маңызды фактор болатынына және екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікке жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады