Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында полицейлер нысандардың қауіпсіздігіне бақылауды күшейтті

Жамбыл облысында полицейлер нысандардың қауіпсіздігіне бақылауды күшейтті
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында полицейлер нысандардың қауіпсіздігіне бақылауды күшейтті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жамбыл облысы полиция департаменті қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қауіпсіздігі күшейтілген нысандардың қорғалу деңгейін жоспарлы тексерістер арқылы бақылауда ұстап отыр. Барлық тексерулер алдын ала ескертусіз жүргізіледі, бұл нысандардың нақты қауіпсіздік деңгейін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Өткен жылдан бері Жамбыл облысы ПД қызметкерлері мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік және адамдар көп шоғырланатын 1375 нысанды тексеруден өткізді.

Тексеру нәтижесінде 900 нысанның меншік иелері мен басшыларына қауіпсіздік талаптарын орындау бойынша нұсқамалар берілді. Қауіпсіздік талаптарын орындамаған немесе тиісінше қамтамасыз етпеген 40 нысан иесі жауапкершілікке тартылып, 350 объектіге шектеу шаралары енгізілді. 90 мыңнан астам қызметкермен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, персоналдың әрекет ету дағдылары мен білім деңгейі тексерілді.

Полиция департаменті нысандарды инженерлік-техникалық қауіпсіздік құралдарымен жабдықтау міндетті екенін еске салады. Талаптар сақталмаған жағдайда тиісті шаралар қабылданып, қайталанған жағдайда нысан қызметі уақытша тоқтатылуы мүмкін. Сондай-ақ нысандардың басшылары мен меншік иелерін қауіпсіздік шараларын уақтылы қабылдауға және заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті