Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ішкі істер органдары адамдар көп жиналатын объектілерді тексеруді жалғастырып жатыр

Ішкі істер органдары адамдар көп жиналатын объектілерді тексеруді жалғастырып жатыр
Фото: polisia.kz

ІІМ террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын тексеруді жалғастырып келеді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда аймақтық тізімдерге террористік тұрғыдан осал санатқа жататын адам көп жиналатын 17 мыңнан астам нысан енгізілді.

Жыл басынан бері 1804 нысан тексерілді. Оның ішінде ойын-сауық орталықтары, ірі сауда және қоғамдық тамақтану орындары, білім беру ұйымдары бар.

Тексеру нәтижесінде заңнамада белгіленген қауіпсіздік талаптарын бұзудың 581 дерегі анықталды.

Кемшіліктер алғаш рет анықталған объектілердің басшылары мен меншік иелеріне нақты уақыттың көрсетілуімен оларды жою туралы нұсқамалар берілді.

Сонымен қатар сеніп тапсырылған объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бірнеше рет бұзғандарға ӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша 180 әкімшілік материал толтырылды. 48 млн теңге айыппұл салынды.

– Тексерулер тек кемшіліктерді анықтаумен ғана шектелмейді. Полиция қызметкерлері мекеме персоналының, сондай-ақ күзет қызметінің төтенше жағдайлардағы іс-қимылдары туралы білімі мен дағдыларының деңгейін анықтап, оларға сабақ өткізеді. Мұндай түсіндіру жұмыстарымен 40 мыңға жуық қызметкер қамтылды, – деді ведомствода.

Ішкі істер министрлігі объектілердің басшылары мен меншік иелерін заңмен белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Олардың нақты және сапалы орындалуы – азаматтардың қауіпсіздігінің кепілі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді