Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік полицейлері теміржолдағы бақылауды күшейтті

Көлік полицейлері теміржолдағы бақылауды күшейтті
Фото: Polisia.kz

Көлік полицейлері теміржолдағы бақылауды күшейтті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаменті 1701 шұғыл тежеу фактісін тіркеді. Оның 1342-і теміржолда жануарлардың пайда болуына байланысты болған. Мәселен, өткен демалыс күндері Атырау, Жетісу, Ақтөбе және Ақмола облыстарында поездардың теміржол бойында бақылаусыз жайылып жүрген жылқыларға соғылу жағдайлары орын алды. Ал Қызылорда және Түркістан облыстарында жылжымалы құрамның ірі қара малмен, Алматы облысында ұсақ малмен соқтығысуы тіркелді. Бірқатар жағдайда машинистер дер кезінде әрекет етіп, соқтығысудың алдын алды.

Тіркелген фактілер бойынша көлік полицейлері темір жолдың бөлінген жолағында мал жаю ережелерін бұзған үй жануарларының иелерін жедел анықтап, олардың барлығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Көліктегі полиция департаменті теміржол аса қауіпті аймақ екенін еске салады. Теміржолдың бөлінген жолағында үй жануарларын бақылаусыз жаюға қатаң тыйым салынады, себебі бұл жануарлар мен адамдар үшін ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін үй жануарларының иелері жайылым ережелерін қатаң сақтауы тиіс.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді