Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Қарағандыда ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысында өзін банк қызметкері ретінде таныстырған әйел 200 миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы 31 жастағы әйелге қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық фактілері бойынша тергеуді аяқтап жатыр. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті бір жарым жыл бойы өзін Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға несиелерін мерзімінен бұрын жабуға көмектесемін деп уәде берген. Алайда бұл уәделердің астарында алаяқтық схема тұрғаны анықталды. Әйел адам тұрғындардың сеніміне кіріп, жалған қызмет ұсыну арқылы олардың атынан екінші деңгейлі банктерден бірнеше несие рәсімдеген. Нәтижесінде 98 эпизод бойынша алаяқтық дерегі тіркеліп, келтірілген жалпы шығын көлемі 200 миллион теңгеден асып кеткен. Жедел-тергеу тобының үйлесімді жұмысы нәтижесінде бұлтартпас айғақтар жиналып, қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолдануға дайындалуда. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамақ түрі таңдалған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді