Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Күніне 30 мың туристке дейін: Алматының тау кластері туристер санын арттырмақ

Күніне 30 мың туристке дейін: Алматының тау кластері туристер санын арттырмақ
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының тау кластерін дамыту аясында таулы аймақтардың адам қабылдау мүмкіндігі бес есеге арттырып, тәулігіне 30 мың адамға дейін жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласының Туризм басқармасына сілтеме жасап.

Жоба туристер санын біркелкі реттеуге, табиғи экожүйеге түсетін салмақты азайтуға және тау бағыттарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи, басқарылатын инфрақұрылым құруды мақсат етеді.

Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітованың айтуынша, таудың жақындығы қаланың басты бәсекелестік артықшылығы.

«Алматы таулы аумақ қала орталығынан небәрі 20-30 минуттық жерде орналасқан әлемдегі санаулы мегаполистердің бірі. Бұл жетекші тау туристік бағыттарын қалыптастыруға, туризмді тұрақтылық пен табиғатқа жанашырлықпен қарау қағидаттарына сүйене отырып дамытуға зор мүмкіндік береді», – деді Ғалия Тоқсейітова.

Туризм басқармасында бүгінде туристік сала жаһандық жалпы ішкі өнімнің 10 пайызына дейін үлес қосатыны, ал инфрақұрылымға салынған әрбір доллар 15 долларға дейінгі жиынтық экономикалық тиімділік әкелетіні айтылды. Тау шаңғысы туризмімен айналысатын бір туристің орташа тәуліктік шығыны шамамен 350 доллар. Бұл тау туризмін дамыту Алматы үшін экономикалық тұрғыдан аса маңызды бағыт екенін көрсетеді.

Сонымен қатар, туристер санының өсуі таулы аумақтарға айтарлықтай жүктеме түсіріп отырғаны да айтылды. 2018 жылдан бері Іле-Алатау ұлттық саябағына келушілер саны 4,5 есеге артса, «Шымбұлақ» тау курортына келушілер саны 2,5 есеге өсіп, жылына 1,5 миллион адамға жеткен.

Алматы тау кластерін дамыту мен «Шымбұлақ» курортын жаңғырту бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан еліміздің туристік саласын дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалған болатын.

Алматы тау кластері жыл бойы жұмыс істейтін көп маусымды туристік өнім ретінде дамып отыр: қыста – тау-шаңғы туризмі, жазда – хайкинг, экологиялық соқпақтар мен велосипед бағыттары. Аумақтың едәуір бөлігі кез келген жан үшін қолжетімді күйінде қалады. Барлық жобалық шешім экологиялық талаптарды сақтай отырып және қоғамдық талқылау арқылы жүзеге асырылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті