Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының туристік әлеуеті артып келеді: инвестиция көлемі 62% өсті

Алматының туристік әлеуеті артып келеді: инвестиция көлемі 62% өсті
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылдың қаңтар-шілде айларында Алматыдағы туристік инфрақұрылымға салынған инвестиция көлемі 92,2 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 62%-ға артық. Бұл туралы қаланың туризм басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаражат жаңа қонақ үй нысандарын салуға, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталды. Мұның бәрі Алматының халықаралық туристік аренадағы орнын нығайта түсті.

Осы кезеңде туризмнен түскен салық түсімі 46,9 млрд теңге болды. Оның ішінде қоғамдық тамақтану саласы – 21,2 млрд теңге (45,2%), спорт және демалысты ұйымдастыру – 8 млрд теңге (17%), уақытша орналастыру қызметінен 4,6 млрд теңге (9,8%) түскен.

«Инвестиция мен салық түсімінің өсуі Алматыдағы туризм саласының қаланың экономикасындағы негізгі қозғаушы күштердің біріне айналып келе жатқанын көрсетеді. Бұл қаражат инфрақұрылымды дамытуға, сервисті жақсартуға және заманауи сапа стандарттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті туризм басқармасында.

Туризмді дамыту қонақтардың Алматыға деген қызығушылығының артуын ғана емес, сондай-ақ қаланың жүйелі жұмысын да көрсетеді: бизнеске жаңа мүмкіндіктер жасалып, қызмет түрлері кеңейіп, заманауи стандарттар енгізілуде. Мұның бәрі Алматының өңірдегі басты туристік орталықтардың бірі ретіндегі мәртебесін нығайтады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады