Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Су министрлігі көктемгі су тасқынынан қорғау шараларын күшейтуде

Су министрлігі көктемгі су тасқынынан қорғау шараларын күшейтуде
Фото: primeminister.kz

ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында көктемгі су тасқынының алдын алу және оның салдарын азайту жөніндегі жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 2024 жылғы ауқымды су тасқынынан кейін елімізде су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған шаралар кешені қабылданған. Бұл жұмысқа жергілікті ғана емес, орталық атқарушы органдар да тартылды. Әр өңір үшін жыл сайын іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, жүзеге асырылуда.

2025 жылы өзен арналарын санациялау, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу, бөгеттерді нығайту және салу, сондай-ақ лиманды суару алаптарын қалпына келтіруді қоса алғанда, ауқымды жұмыстар жүргізілді. Министр атап өткендей, бұл шаралар өз тиімділігін көрсетті. 2025 жылы су тасқынынан келетін залал көлемі азайды.

Осы жылдың ақпан айында ведомство судың келетін көлемі мен деңгейін көрсете отырып, әрбір өзен бойынша болжамдар ұсынуды жоспарлап отыр. 

«Су тасқыны қауіпі туындаған жағдайда жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп елді мекендерді су басуға жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады», — деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті