Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет су тасқынынан зардап шеккен білім беру мекемелерін қалпына келтіруге 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

Үкімет су тасқынынан зардап шеккен білім беру мекемелерін қалпына келтіруге 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
Фото: primeminister.kz

Үкімет көктемгі су тасқынынан зардап шеккен білім беру мекемелері мен ұйымдарын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда. Осы мақсатта Үкіметтің төтенше резервінен қосымша қаражат бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалпына келтіру жұмысы еліміздің үш өңірін – Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарын қамтиды. Бөлінген қаражаттың жалпы сомасы – 7,5 млрд теңге. Бұл қаражат бүлінген нысандарды қалпына келтіруге, сондай-ақ қираған нысандардың орнына жаңа білім беру мекемелерін салуға жұмсалады.

Қостанай облысында Жангелдин ауданындағы Айса Нұрманов атындағы мектеп ғимаратын жөндеу жоспарланған. Ақмола облысында Атбасар қаласында №1 мектеп, Атбасар ауданы Сергеевка ауылында «Есіл» сауықтыру кешені, сондай-ақ Державинск қаласында Абай атындағы мектеп салынады. Ақтөбе облысында Көтібар батыр атындағы мектеп және Мұғалжар ауданындағы «Балауса» балабақшасы, Ойыл ауданындағы «Балбөбек» мектеп-бақшасы мен балабақшасы, Екпетал мектебі қамтылады.

Бөлінген қаражат жергілікті атқарушы органдарға бүлінген ғимараттарды алдағы оқу жылы басталғанға дейін уақытылы қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл – білім беру процесінің үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз етеді.

Биылғы 17 шілдеде Үкіметте су тасқынынан кейін тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру мәселелері жөнінде өткен кеңес барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын жеделдетуді және орталықты туындап жатқан мәселелер туралы үнемі хабардар етіп отыруды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді